
2026 жылғы 25 мамыр күні мектебімізде «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, болашақтарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар мектеп ұстаздары мен ата-аналар да жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға жүрекжарды тілектерін айтты.
Мерекелік кеште 11-сынып оқушылары өлең айтып, ән шырқап, би биледі. Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектер дәстүрлі соңғы вальс биін орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында оқушылардың мектеп өмірінен дайындалған естелік сәттері көрсетіліп, белсенді әрі үздік оқушылар
Жомарт жүрек – жарқын болашақ кепілі!
Жомарт жүрек – жарқын болашақ кепілі! 📚 №141 жалпы білім беретін мектебінде өтіп жатқан «Мектепке жол-2026» республикалық қайырымдылық акциясы аясында игі істер легі жалғасуда.
Акциясы аясында «Даму бала.KZ.SPORT» ұйымының жетекшісі Қазмағанбетов Абужан демеушілік жасап, әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын тарту етті. Бұл игі іс балалардың жаңа оқу жылын көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, сапалы білім алуына зор мүмкіндік сыйлады.Айта кетсек,Абужан мырза әр жыл сайын қайырымдылық жасап,оқушыларға шаттық сыйлап,мектеп табалдырығын нық сеніммен басуға өз үлесін тигізіп отырады.Елімізде осындай мәрттік танытудан жалықпайтын азаматтарымыз көп болғай!
Жомарттық – тек материалдық көмек көрсету емес, ол – мейірім мен жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің айқын белгісі. Осындай ізгі ниетті азаматтардың арқасында көптеген бүлдіршіннің жүзіне күлкі ұялап, ертеңге деген сенімі нығая түседі.
Мектебіміздің ұжымы «Мектепке жол-2026» акциясына белсенді қатысып, қайырымдылық көрсеткен «Даму бала.KZ.SPORT» ұйымының жетекшісі Қазмағанбетов Абужанға шынайы ризашылығын білдіреді. Еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Жасаған әрбір ізгі ісіңіз еселеніп қайтып, жақсылықтың жаршысы болып, ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын! №141 жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы Мырзабек А.Ж.
#МектепкеЖол #Қайырымдылық #141ЖББМ #KZSportДамуБала #БілімгеҚолдау #ИгіІ

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
